Мүгедектерге арналған орынға көлігін қойған полицейлер ақтөбеліктердің ашуына тиді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік тұрағына полиция қызметкерлерінің машинасы қойылған. 

Әлеуметтік желідегі «Aktobe_online» парақшасына салынған сурет ақтөбеліктердің ашуына тиді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Суреттегі «D 150 KP» нөмірлі көлігі полиция қызметкеріне тиесілі. Қызметтік көлік мүгедектерге арналған орынға қойылған. Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарындағы бұл көрініс әлеуметтік желіге салынып, қала әкімдігіне жіберілген. Ал желі қолданушылары полицейлердің бұл әрекетін сынап, оларға айыппұл салуды сұрады. Бірі «бұл кезекті оқу-жаттығу жұмыстары», деп кекесін ойларын білдірсе, кейбірі тәртіп сақшыларына бәрібір еш жаза қолданылмайтынын айтып, өкініштерін білдірді.

«Оларға тұруға болады, заң тек қарапайым адамдарға»,- деп жазады Махамбетқали Жаңабергенов.

Айта кетейік, жаңа жылдан бастап елімізде 1 АЕК құны 2 269 теңге болды. Мүгедектерге арналған көлік тұрағына машинасын заңсыз қойған жүргізушілерге 50 АЕК көлемінде, яғни, 113 450 теңге айыппұл салынуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар