Мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы отандық заңнаманы жетілдіру қажет

None
None
АНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы мен Мүгедектер конфедерациясының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында сөз алған ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпова атап көрсеткендей, бүгінгі таңда  елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстар атқарылып келеді. «Алдағы уақытта бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Ол - Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны рәсімдеу. Сондықтан біз аталған құжатты ойдағыдай рәсімдеу үшін барлық құзіретті мекемелерді ашық пікіралысуларға шақырамыз», - деді Ә.Нүсіпова. Сондай-ақ вице-министр жақында қабылданған «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңның Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру саласында негізгі құжат екендігін атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Кокленконың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде республикада «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заң актілері жоқ. «Бұдан басқа, алдағы Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны рәсімдеу жұмысы аясында мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы толығымен жетілдіру қажет. Сондай-ақ осы бағыттағы заң актілерінің байланысын және ол құжаттардың біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет», - дейді О.Кокленко.

 

Соңғы жаңалықтар