Мүгедектерді жұмысқа қабылдаған кәсіпкерлердің шығыны субсидияланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға ниет білдірген жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялайды (көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек адамдар).

Субсидия арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру үшін жабдықтарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындарды өтеу мақсатында беріледі.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер 2020 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады. ҚР Әділет министрінің бұйрығына сәйкес, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органында дара кәсіпкер ретінде есепке қоюды растайтын құжат; арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы талап етіледі.


Соңғы жаңалықтар