Мүгедектер жеке көмекшісімен тікелей келісімшарт жасайды - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мүгедектердің өтініші бойынша оларды оңалту мәселелері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің баспасөз қызметінің сілтеме жасап.

«Мүгедектігі бар адамдар жеке көмекшілермен тікелей келісімшарт жасайды және бұл ереже туыстарына да қолданылады. Осы және басқа да өзгерістер ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өтініші бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына енгізілді», делінген хабарламада.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің айтуынша, жеке қабылдау, конференция режіміндегі жиналыстар мен жазбаша өтініштер аясында мүгедектігі бар адамдар көбінесе жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға қатысты ескертулер мен ұсыныстар қалдырған.

2020 жылғы шілдеден бастап жеке көмекшілердің қызметтері Әлеуметтік қызметтер порталына ауысады, содан кейін мүгедектігі бар адаммен жеке көмекшінің арасында келісімшарт жасалады, ерекше қажеттіліктері бар адамның жақын туыстары да жеке көмекші бола алады.

«Еліміздің барлық облыстарында көмекшілердің қызметтеріне сағатына ақы төлеудің бірыңғай мөлшері белгіленетін болады. Бұйрықта бұған дейін бұл мәселе реттелмеген болатын, сондықтан әртүрлі өңірлерде жеке көмекшілердің жалақыларында елеулі айырмашылық болды», делінген хабарламада.

Жаңа редакцияда жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін көрсетуге қарсы көрсетімдерден АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдар санаты алынып тасталды. Бұл олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар