Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Мүгедекке көмектескен ақтаулық полицейге жұрт сүйсінді

2019 жылғы 11 қаңтар 17:34 358
Бөлісіңіз:
Мүгедекке көмектескен ақтаулық полицейге жұрт сүйсінді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық полицейдің арбаға таңылған мүгедекке көмектескенін қала тұрғыны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО мемқызметкерлері жаңа жылды тойлаудан бас тартып, балалар мен қарттарға сый таратты Штутгарт әуежайы тексеруден өтпей қалған 20 мың затты таратып жіберді

Бейнежазба  әлеуметтік желіде тез тарап, ақтаулықтардың қызу талқысына түсті. Арбаға таңылған мүгедек әйел жолдың арғы бетіне өте алмаған. Оны жолда өтіп бара жатқан ІІД полицейлері көріп, көлігінен түсті де, жолдағы көліктерді тоқтатты. Сөйтіп әйелді жолдың арғы бетіне өткізіп, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созған.

Олардың бұл әрекетіне әлеуметтік желі қолданушылары тәнті болып, ризашылықтарын жасырмады. 

Айта кету керек, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі мейірімді полицейдің аты-жөнін анықтаған. Ол - Ақтау қаласы жол-патруль полиция батальонының кадрлар және кәсіби даярлық жөніндегі аға инспекторы Сәкен Базарбаев болып шықты.   

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT