USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Мүгедек жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 320 мыңнан астам қызмет алды

2021 жылғы 5 қараша 09:34
Бөлісіңіз:
Мүгедек жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 320 мыңнан астам қызмет алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бастап 236 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметтерін, 33 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 52 мыңға жуық санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 195 мың тапсырыс рәсімделді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжілісте мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі көтерілді 990 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды - Еңбек министрлігі 15 мыңға жуық шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 865 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 158 ОТҚ жеткізуші, 15 мыңнан астам жеке көмекші, 257 ымдау тілін қызметін, 72 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT