Мүгедек баласы бар жалғызбасты ана: Біз секілділердің көбі несиені мәжбүрлі түрде алғандар

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі жарлығы көптеген адамға қуаныш сыйлады деп үміттенемін. Өйткені, біз секілділердің көбі несиені мәжбүрлі түрде алғандар. ҚР Президентінің Жарлығына қатысты пікір білдірген мүгедек бала асырап отырған жалғызбасты ана, қарағандылық Жанар Маратқызы осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен мүгедек бала асырап отырған жалғыз басты анамын. Балам Диастың жасы қазір он алтыда. Балалар церебральді сал ауруымен бала кезінен ауырады. Мемлекет беретін жәрдемақымен күн көріп отырмыз. Пәтер жалдап тұрамыз. Ай сайын коммуналдық төлем, пәтер ақысын төлеген соң, қалған ақша баламның дәрі-дәрмегіне, киім-кешегі мен басқа да қажеттіліктеріне жетпейді. Сондықтан кейде пайызы үлкен болса да, банктен несие алуға мәжбүр боламыз. Қаншама отбасы несиелерін төлей алмай қиналып жүргендерін білемін. Президенттің бұл жарлығы осындай қиналып жүрген отбасыларға қуаныш сыйлады деп ойлаймын. Ол да болса үлкен көмек», дейді Жанар Маратқызы.

Ол өзінің он жылдан астам уақыт бойы пәтер кезегінде тұрғанын айтады. «Алайда оны да алу үшін бастапқы жарна қажет. Жаңа айтып өткенімдей, бізде ондай мүмкіндік жоқ. Неге мүгедек бала асырап отырған аналарға бастапқы жарнасыз пәтер берілмейді немесе қандай да бір жеңілдік жасалмайды? Енді жаңа Президентіміз осы жағын да қарастырса деймін»,- деп өз өтінішін жеткізді Жанар Маратқызы.

Соңғы жаңалықтар