Мүгедек балалардың санаториялық-курорттық шығындарының шекті мөлшері нақтыланды
2021 жылғы 15 сәуір 11:55

Мүгедек балалардың санаториялық-курорттық шығындарының шекті мөлшері нақтыланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана бойынша І топтағы мүгедектерге және санаториялық-курорттық емдеу қызметін алған мүгедек балаларды ертіп жүру шығындарын өтеудің шекті сомасы 35 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай шешімді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесіне Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі Айгерім Құдайбергенова таныстырды. Кеңес мүшелері ұсынысты мақұлдады.

«Әлеуметтік қолдау шараларын арттыру мақсатында жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге және санаторлық-курорттық емдеу қызметін алған мүгедек балаларды ертіп жүрген адамдарға өтініш берушінің нақты шығындары мөлшерінде бірақ 35 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шығындарды өтеуді ұсынамыз. Қосымша қажеттілік 3113 адамға 317,8 млн теңгені құрап отыр. Осылайша ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің жалпы болжамды шығындары 445,3 млн теңгені құрайды. Аталған жоба ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерде қойылған талаптарға сай», - деді Айгерім Құдайбергенова.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT