Мүгедек балаларды қолдауға қанша қаржы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік құқықтықтарын жүзеге асыруға қосымша қаржыны бөлу пысықталып жатыр. Бұл туралы Сенатта мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңалту құралдарымен толық қамтамасыз ету жұмысы мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Қазіргі таңда біз ұлттық жоспарды әзірлеп жатырмыз, оның бюджеті қосымша 34 млрд теңгені қажет етеді. Негізі, бұл қадам 100 пайызға бәріне өздерінің әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру үшін ескерілуде. Сондықтан бүгінде келісу рәсімдері жергілікті атқарушы органдарымен, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірге атқарылып жатыр», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, ол үйде білім алып жатқан балаларға тоқталды.

«Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың жалпы санының 14,6 мыңы немесе 15 пайызы үйде білім алады. Оларға жергілікті бюджет есебінен мектеп құралдарын сатып алуды көздейтін үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтеледі. 2018 жылы аталған төлем сомасы 694 млн теңгені құрайтын 13 980 адамға берілді. Төлемнің орташа мөлшері 4 139 теңгені қамтыды», - С. Жақыпова.

Оның сөзіне қарағанда, жоғалтқан дағдыларының орнын толтыру үшін мүгедектігі бар балалар жыл сайын жергілікті бюджет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар