Мүгедек әйелдің басына йогурт төккен балалардың ата-аналары жауапқа тартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы облыстық ІІД мүгедек әйелді қорлап, басына йогурт төккен балалардың кім екендігін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалардың бірі Қапшағай қаласының тұрғыны болса, екіншісі сырттан келгені анықталды.

«Әйелді балағаттаған бала 10 жаста екен, ол 3-сыныпты бітірген. Отбасы толық емес. Жалғызбасты ана 3 баланы тәрбиелеп отыр. Балаларының ешқайсысы кәмелеттік жасқа толмаған. Анасына қатысты ҚР ӘқбК 108-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Екінші бала басқа жақтан келген. Ол баланың отбасына да тура осындай әкімшілік хаттама толтырылатын болады», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

Мұның алдында, жапа шеккен әйелдің полицияға арызданудан бас тартқанын жазған болатынбыз.

Айта кету керек, Facebook желісінде жарияланған ролик көпшіліктің наразылығын тудырған болатын. Бейнекадрда 10 жастағы бала мүмкіндігі шектеулі әйелді балағаттап, үстіне су шашқан. Әйел пакетінен йогурт алып берсе де, бала айналып келіп йогуртты әйелдің басына төккен.

Соңғы жаңалықтар