Мұғалімнің үстіне төгілген ыстық битумға байланысты іс қозғалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Бурабай ауданында мұғалімнің үстіне төгілген ыстық битум оқиғасына байланысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведмоствоның мәліметі бойынша қазіргі кезде аталмыш оқиға байланысты іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынған.

«Қазіргі кезде Бурабай ауданының Зеленый Бор кентіндегі мектеп-гимназиясының мұғалімі Р.Г. Шарафутдиновтың термиялық күйік алуына байланысты ҚР ҚК 156 бабының 1 бөлімі (еңбек заңының сақталмауы) бойынша іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, оқиға 5 маусым күні Зеленый бор кентіндегі мектеп-гимназиясында болған. Мектептің шатырын жөндемек болған мұғалімнің үстіне абайсызда бір шелек ыстық қара май (гудрон) төгілген.

Зардап шеккен мұғалімнің ата-анасының сөзі бойынша, 1993 жылғы ұстаз төменде жүрген балаларды қатерден сақтап қалмақ болған. Күйік жарақаттарын алған ол алдымен Бурабай аудандық ауруханасына, кейін Ақмола облыстық ауруханасының травматология бөлімшесіне жатқызылады.

«Мұғалім бізге 7 маусым күні кешкі сағат 19:00 шамасында түсті. Денесінің 19 пайызы, яғни беті, мойны, қолдары және аяқтарының бастары күйген. Қазіргі кезде жағдайы жақсарып келеді. Тиісті ем қабылдап жатыр. Алдағы бір-екі аптаның ішінде ауруханадан шығарылады», - деген болатын Ақмола облыстық ауруханасының дәрігері Елдос Қайыржанов.

Соңғы жаңалықтар