Мұғалімді соққыға жыққан студенттер сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мұғалімді соққыға жығып, ақшасын тартып алған студенттер сотталды.

Сот алдында 5 студент Данияр Абдыканов, Мадияр Алтынбек, Ерік  Қыстаубаев, Әділет Қосыбаев және Ержан Палмановтар жауап берді.

Іс материалдарына сәйкес, студенттер 65 жастағы оқытушы Ағыбай Смағұловты соққыға жыққан. Олар үлкен кісінің 9 қабырғасын сындырған. Сонымен қатар оның үйінен 23 млн теңгені күштеп алып кеткен.

 Сот оларды айыпты деп тапты.

Мадияр Алтынбек 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ержан Палманов, Әділет Қосыбаев пен Ерік Қыстаубаев 11 жылға кесілді. Данияр Абдықановқа 11 жыл берілгенмен, бұрын да қылмыс жасағаны ескеріле отырып 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сотталғандар профессорға келтірілген моральдық залал және материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар