Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Мұғалімдерге үстемақы төлеудің қаржы-экономикалық есебі дайындалуда

2019 жылғы 1 ақпан 14:37 4703
Бөлісіңіз:
Мұғалімдерге үстемақы төлеудің қаржы-экономикалық есебі дайындалуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі мұғалімдерге үстемақы төлеудің қаржы-экономикалық есебін дайындап жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан  Сағынтаевтың берген  жауабында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, мемлекеттік ұйымдардың қызметшілеріне, оның ішінде мектеп мұғалімдеріне жалақы төлеу мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың азаматтық қызметкерлеріне, жұмысшыларына жалақы төлеу жүйесіне сай жүзеге асырылады.

«2019 жылдың маусымында қабылдануы жоспарланып отырған «Педагогтер мәртебесі туралы» заң жобасында қосымша ынталандырушы үстемеақы, сонымен қатар педагог кәсібінің беделін және оның қоғамдағы мәртебесін көтеру бойынша өзге де шаралар қарастырылған. Қазіргі уақытта қосымша ынталандыру үстемеақы  бойынша қаржылық-экономикалық есеп пен негіздеме дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізілетін болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары  ресми сауалда мұғалімдерге дәптер тексергені мен сыныпқа жетекшілік жасағаны үшін төленетін үстемеақы көлемі тым төмен екендігін жазған болатын. Мәселен, сыныпқа жетекшілік үшін мұғалімге айына 4 мың теңге қосылады. Бұл ретте, мұғалімге күделік тексеру, түрлі шаралар, сынып сағаттарын өткізу, ата-аналар жиналысын өткізу сынды көптеген міндеттер жүктеледі.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT