Мұғалімдерге ауылдарда 7 мың жұмыс орны ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жұмыспен қамту жол картасы аясында ауылдарда 80 білім беру ошағы салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індеті экономикаға және еңбек нарығына әсерін тигізуде. Осы тұрғыда Үкімет тарапынан қолданылып жатқан маңызды шаралардың бірі - жаңа «Жұмыспен қамту» жол картасы. Бекітілген жол картасының негізгі шарттарын еске салып кетсек, ол қызмет көрсетулер және пайдаланатын құрылыс материалдарының 90 пайыздан кем емесі отандық өндірушілер мен мердігер болуы тиіс. Құрылып жатқан жұмыс орындарының 50 пайыздан кем емесіне Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыссыз жүрген, әсіресе жұмыссыз жастар тартылуы тиіс. Мемлекет басшысының соңғы берген тапсырмалары бойынша сыртта жүрген жастарға жол картасына қатысқан жағдайда алдын ала ең төменгі жалақы көлемінде 2 көтерме жалақы беріп, әр жобада жұмысшының қауіпсіздігін сақтау мақсатында санитарлық-эпидемологиялық шараларды қабылдауы шарт», - деді министр.

Оның дерегінше, әкімдер тарапынан жол картасына 6 506 жоба ұсынылды. Оның ішінде 2703 жоба әлеуметтік инфрақұрылымға, 1039 тұрғын үй шаруашылығы нысандарына, 1799 жоба инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтуға және 695 жоба елді мекендерді абаттандыруға қатысты болып отыр. Аталған жобаларда барлығы 255 мың жұмыс орны құрылады және іске асырылған жобалар алдағы уақытта экономиканың әртүрлі салаларында 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз қалайды.

«Жол картада іріктелген жобалар уақытша жұмыспен қамтумен бірге әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге, алдағы уақытта экономикалық әсері бар межелік салалардың дамуына, тұрақты жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Мәселен, жол картасы аясында болашақта әлеуметтік актив болып қалатын құрылыстар - жаңа 80 білім беру ошағы салынбақ. Ол өз кезегінде апатты және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешуге, ауылдағы балалар үшін білім алуға қолжетімділікті арттыруға, мұғалімдерге 7 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар