Мұғалімдердің жалақысы қалай көтеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы қалай көтерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы алдағы төрт жылда педагогтардың жалақысын кемінде екі есеге арттыру туралы Үкіметке нақты тапсырма берді. Оның үшжылдық қаражаты бүгінде бюджет жобасында қарастырылған. Қазір де педагогтар тарапынан еңбекақының қалай көтерілетіні туралы сұрақтар көптеп түсуде. Мұнда базалық лауазымдық еңбекақы емес, қызметтік еңбекақы туралы айтып отырмыз. Сәйкесінше, қызметтік жалақымен бірге, үстемеақылар да көбейеді. Осылайша, әріптестеріміздің жалақысын айтарлықтай көбейтеміз», - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, тамыз айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 4 жылда мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыру туралы тапсырма берді.

«Мұғалімдердің еңбекақысы ең төменгі айлықтардың бірі болып тұр. Экономикадағы орташа еңбекақының 65 пайызын ғана құрайды. Әрине, мұнымен келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім жүйесіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырамын», - деген болатын Президент.

Соңғы жаңалықтар