+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Мұғалімдердің зейнетке шығуына қатысты қандай өзгерістер болады

2019 жылғы 15 сәуір 18:01
Бөлісіңіз:
Мұғалімдердің зейнетке шығуына қатысты қандай өзгерістер болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын Парламенттің қарауына енгізу мерзімін атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәріңіз жақсы білесіздер, бұл заң жобасы қызу талқыланған болатын. Педагогтар да, депутаттар да талқыға салды. Біраз ескертулер жасалды. Сол себепті заң жобасы қайта қаралды. Тамыз айында аталған құжатты Парламент Мәжілісіне енгізетін боламыз», - деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Осы орайда министр заң жобасында көрсетілген бір мәселеге тоқталды. Ол - мұғалімдердің зейнетке шығуы.

«Қазір біз зейнеткерлік мәселесін басқа ракурста көтеріп жатырмыз. Мәселен, адам педагогикалық жоғары оқу орнын бітіріп, бірден мектепке жұмысқа келсе, сол жерде біраз уақыт жұмыс істесе, зейнетке шыққанда оның педагогикалық жоғары оқы орнында білім алған мерзімін де еңбек өтілі ретінде есептеу керек. Біз осындай мәселені көтеріп отырмыз. Соны тиісті мемлекеттік органдармен пысықтаудамыз», - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Білім министрі білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 көтерілуі керек. Бүгінде арнайы тарифтік коэффицент бекітілді. Күләш Шәмшидинова жалақының қалай артатынын нақты мысалмен көрсетті. Білім министрі мектеп директорларын тағайындауға қатысты ұсынысты да қолдады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT