Мұғалімдердің біліктілігін тексеретін тест қолданыстан алынбайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпжылдық өтілі бар педагогтер неге ұлттық біліктілік тестілеу сынағын тапсыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Университет бітірген 32 мың студент тестілеуден өте алмай қалғанын айттым. Олар да бізге ренжіді.

«Біз жаңа ғана университеті бітіріп жатырмыз. Біліміміз әлі ескірген жоқ. Неге біздің біліктілігімізді тексерулеріңіз керек?», - деген сұрақ қойды. Біз айтамыз: «Себебі сіздер балалармен жұмыс істейсіздер. Сіздердің білімді, білікті болғандарыңыз маған керек емес, жалпы мемлекетіміз үшін қажет», - деп жауап береміз. Сол сияқты 15 жыл болсын, 10 жыл болсын тәжірибесі бар мұғалімдерге де осы мәселе тиесілі», - деді ведомство басшысы.

Оның пайымынша, мұғалімдерді тестілеу арқылы сынауды олардың біліктілігін жоққа шығару деп қарамау керек.

«Бұл- мұғалімдердің 5 жылда бір рет өзінің құзыреттілігін дәлелдеу үшін баяғыдан кележатқан үрдіс. Сондықтан бұл жұмыс жалғасын табады», - деген министр біліктілік тестінен өтпеу маманның мұғалім болып жұмыс істеу құқығын шектемейтінін ескертті.

«Бұл – мұғалімнің өз біліктілігіне сай үстемеақы алуы үшін тапсырылатын тест», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салсақ, Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар