+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Мұғалімдердің балалары балабақшаға кезексіз қабылданады – ҚР заңы

2020 жылғы 20 мамыр 15:49
Бөлісіңіз:
Мұғалімдердің балалары балабақшаға кезексіз қабылданады – ҚР заңы

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласында педагогтер қауымының балалары мектепке дейінгі мекемеге кезексіз қабылданатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жеңілдік білім беру саласының қызметкерлеріне «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес жасалып отыр.

Қазір тек Петропавл балабақшаларында ғана 1 мың 198 тәрбиеші, мектептерде 2 мыңнан астам мұғалім еңбек етеді. Олар балаларын мектепке дейінгі білім беру мекемесіне кезексіз орналастыру үшін indigo сайтына кіріп, өзі жайында мәлімет қалдыруы тиіс.

«Сайтқа кіріп, өзінің жеке кабинетінде мәртебесін растап, ЖСН көрсетуі керек. Жалпы, балабақшаға орналастыруда жеңілдік бұған дейін әскери қызметшілерге жасалып келді. Бұдан басқа, көпбалалы отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар да кезекті көп күтпейтін», - дейді Петропавл қалалық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту секторының меңгерушісі Сайран Испандьярова.

Бүгінде Петропавлда 6,5 мыңнан астам бүлдіршін балабақшаға кезекте тұр. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 3,5 мыңға аз.

«Ата-аналарға балаларын кезекке қою үшін әкімдікке барудың қажеті жоқ. 2018 жылдан бастап бұл қызмет автоматтандырылды. Былтыр indigo сайтында «ерте брондау» бөлімі енгізілді. Жалпы, бұл сайттан балабақшаға қажетті бар ақпаратты алуға болады», - дейді Сайран Испандьярова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT