+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендерге жауапкершілікті қатаңдату керек – министр

2021 жылғы 21 қазан 18:17
Бөлісіңіз:
Мұғалімдерді қосымша жұмысқа жеккендерге жауапкершілікті қатаңдату керек – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп ұстаздарын негізгі міндеттерінен бөлек қосымша жұмысқа салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Семейде мұғалімдерді сенбілікке тарту ісіне қатысты біз өз көзқарасымызды білдірдік. Әрине, біз мұғалімдерге негізгі міндетінен бөлек, қосымша жүк артылуына қарсымыз. Біз басында қандай да бір қателік кеткен шығар деп шешім шығаруға асықпадық, кейін жағдай расталды. Тиісінше шара қабылдадық. Бүгінде мұғалімдерді сенбілікке шығарған қызметкерлер жауапқа тартылды. Осы орайда оқиға қайталанбауы үшін мұғалімдерге қосымша жүк артуға қатысты жауапкершілікті қатаңдату керек», - деді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, өткен аптада Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген.

«2019 жылдың желтоқсанында қабылданған заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды.Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды.Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады», - деп жазды министр желіде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT