+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Мұғалімдерді «Болашақ» бағдарламасымен оқыту керек - Бердібек Сапарбаев

2019 жылғы 19 қыркүйек 15:08
Бөлісіңіз:
Мұғалімдерді «Болашақ» бағдарламасымен оқыту керек - Бердібек Сапарбаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мектеп директорларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Мұғалімдер наразылығына таңғалудың қажеті жоқ Әлихан Байменов: Қағаз толтыру, есеп беру сияқты жұмыстар әлі де мұғалімнің көп уақытын алады Елорда жатақханада тұрып жатқан мұғалімдер үшін аренда құны төмендетіледі

«Біз мұғалімдердің материалдық жағдайын ескеруіміз керек. Өткен жылы ұстаздардың жалақысы өсті. Тамыз конференциясында Президент Үкіметке мұғалімдердің жалақысын 2020 жылдан бастап төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырған болатын. Өткен жылдармен салыстырғанда қазір мұғалімдердің еңбекақысы жаман емес. Сонымен қатар біз мұғалімдерді «Болашақ» бағдарламасымен дайындауымыз керек»,-

Бердібек Сапарбаевтың айтынша, ауылдық жерлерде білім сапасы төмен.

«Бұл - өте өзекті мәселе. Ауылда мұғалімдер жетіспейді. Онда білім беру деңгейі нашарлап барады. Себебі онда бір мұғалім география, математика, биология пәндерінен сабақ бере береді. Мұндай көрініс әсіресе шағын мектептерде жиі кездеседі. Сондықтан біз ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жағдайын жасауымыз керек. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы айтып жатырмыз, бірақ, өкінішке қарай, бұл бағдарлама кей жерлерде жүзеге асып жатқан жоқ. Барған ұстаздарға баспана бермейді, жалдап тұру ақысын төлемейді. Қазір осы мәселе бойынша біз жергілікті билікпен жұмыс істеп жатырмыз. Мен бұл проблемалардың бәрін білемін. Мен де әкім болғанмын. Осының бәрін қадағалаймыз», - деді мектеп директорларымен кездесуде Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің орынбасары мектеп оқушылардың ата-анасымен тығыз байланыста болуы тиіс екенін тілге тиек етті.

Бұған дейін Б. Сапарбаев қаланың белсенді жастарымен кездескен болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT