+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынады

2019 жылғы 19 қыркүйек 13:34
Бөлісіңіз:
Мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандығы үшін тиісті айыппұлдар болады. Осылайша, педагогтарға қатысты шамадан тыс жүктеме азайтылмақ. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мұғалімді заңсыз жұмысқа тартқандарға қандай санкция қолданылады Мұғалімдерді қолдау үшін 5 трлн теңгеден астам қаржы бөлінбек Педагог мәртебесі туралы заң жобасын іске асыруға 2020 жылы 390 млрд теңге бөлінеді

«Мемлекет басшысы мұғалімдерді керек емес әртүрлі жұмыстарға тартуға тосқауыл қою мәселесін көтерді. Бұл ретте қаптаған есептер мен артық жұмыстар баршылық. Сондықтан бұл бағытта тиісті шараларды атқарамыз. Заң жобасында қажетті санкциялар қарастырылды», - деді министр.

Белгілі болғандай, мұғалімдерді оларға қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны үшін және артық есептілікке жеккені үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, осындай айыппұл жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін де ескерілген.

«Бұл шаралар өзінің үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Мысалы, директорлар, әкімдіктер және басқа мемлекеттік органдарға қатысты. Бүгінде мектепке кімдер келмейді? Тексеруші органдар да аз емес. Керек емес әртүрлі ақпарат сұраса, мұғалімдерді жұмысына тән емес шараларға тартатын болса, онда тиісті жаза қолдануға мүмкіндік туды. Заң жобасы қабылданғаннан кейін біраз жақсы өзгерістер болады деп санаймын», - деді А. Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT