Мұғалімдер жатақханадағы студенттерді үйлеріне алып, қамқорлық танытуда – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жатақханада қалған студенттер мен шетелдік студенттерді мұғалімдер үйлеріне алып, қамқорлық танытуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдары: мектептер, колледждер мен ЖОО-лардағы балалар мен жасөспірімдер қазіргі уақытта толық қауіпсіздікте.

«Отандық жоғары оқу орындарының студенттеріне, колледждер мен мектептердің оқушыларына қатысты мынадай іс-шаралар қабылданды: олар азық-түлікпен және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Директорлар олар үшін дербес жауапты.

Жергілікті жерлерде шұғыл шаралар қолданылды. Оқу орындары өкілдерінің хабарлауынша, студенттердің ең көп бөлігі үйлеріне қайтқан: «Ал жатақханада қалған студенттер мен шетелдік студенттерді білім беру мекемелерінің мұғалімдері үйлеріне алып, қамқорлық танытуда». Студенттердің қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалған», - делінген ҚР МСМ сайтында.

Мәліметке сүйенсек, 10 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының жатақханаларында 180 адам орналасқан.

«Олардың барлығы білім беру ұйымдарының оқытушылар құрамының бақылауында және қамқорлығында», - деді ведомстводан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасымен елімізде оқушылардың қысқы демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Мұғалімдер мен басқа қызметкерлер өңірдегі жағдайға байланысты штаттық немесе қашықтық режимде жұмыс істейді. Колледждерде қысқы демалыс 24 қаңтарға дейін жалғасады. Колледждер мен жоғары оқу орындарындағы екінші семестр әрбір оқу орнының академиялық күнтізбесіне байланысты 24 қаңтардан басталады.


Соңғы жаңалықтар