+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Мұғалімдер үшін жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындалады

2019 жылғы 19 қыркүйек 12:00
Бөлісіңіз:
Мұғалімдер үшін жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде магистр дәрежесі бар ұстаздарға қосымша ақы төленеді Педагог мәртебесі: Ел күткен екі ұсыныс електен өтпей тұр Аймағамбетов: «Педагог мәртебесі туралы» заңды жыл соңына дейін қабылдауымыз керек

«Мұғалімдерге қатысты материалдық емес ынталандыру шаралары қарастырылған. Бірінші кезекте балабақшадан орын беру мәселесі ескерілген. Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрін енгізу де бар», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру ұсынысы да назарға алынып отыр.

«Ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерді еңбекақысын арттыру, «Үздік педагог», «ЖОО-ның үздік оқытушысы» гранттары сияқты қолданыстағы барлық әлеуметтік кепілдіктер де міндетті түрде заң жобасында сақталды», - деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында алдағы төрт жылда мұғалімдердің еңбекақысын екі есеге арттыру көзделгенін еске салды. Алдағы жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға өседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT