+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімі бекітілді - Ерлан Сағадиев

2018 жылғы 22 тамыз 13:47
Бөлісіңіз:
Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімі бекітілді - Ерлан Сағадиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұғалімдер толтыруға міндетті 5 қағаз-құжаттың тізімі бекітілді. Басқа құжаттарға мұғалімдер жауапты болмайды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа оқу жылының қарсаңында мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге бағытталған шаралар қабылданды. Біріншіден, естеріңізде болса, былтырдан бері мұғалімдерді үй аралатудан алып тастадық. Мектептің рейтингі де алынды. Енді министрлік мұғалім жұмысын жеңілдету үшін өз тарапынан педагогтар толтыруға тиіс құжаттар тізбесін алғаш рет бекітті. Ол тек бес құжат. Одан басқа мұғалімдерден ешқандай қағаз, құжат сұралмауы тиіс», - дейді Ерлан Сағадиев.

Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізген Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мектеп мұғалімдері толтыруға міндетті 5 құжаттың тізімін айтып берді.

«Нақтырақ айтсақ, олар - күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, сабақ бойынша жоспарлау, крийтерийлік бағалау, күнделік және сынып журналы. Жалпы, күнделік пен журнал бойынша қазір цифрландыру жүріп жатыр», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT