Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған ипотека қашан беріле бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарнасыз баспана қашан беріле бастайды. Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ өкілдері жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меморандумға бүгін ғана қол қойылды. Министрліктер ендігі кезекте бір-екі аптаның ішінде тізімін беруі тиіс (кезекте тұрғандардардың). Осыдан кейін біз кезекте тұрған мұғалімдер мен дәрігерлердің төлем қабілеттілігін тексереміз. Керекті құжаттар бар ма, жоқ па - анықтамалардың бәрі зерделенгеннен кейін осы жұмысты бастаймыз», - деді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ атқарушы директоры Мақсат Меңдібаев.null

Ол өз сөзіне қарағанда, екі министрлік кезекте тұрғандардың тізімін дайындап жатыр. Ол тізімде Қазақстанның барлық аймақтарында пәтер кезегінде тұрған азаматтар бар.

Ал «ҚИК» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, алдағы 2-3 айда пәтерлер беріле бастайды.

«Мұғалімдер мен дәрігерлердің қандай пәтер алғысы келетініне байланысты төлем қабілеттілігі пысықталады. Орташа есеппен Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласы туралы айтар болсақ, айлық төлем шамамен 55 мың теңге болады. Тиісінше, бұл төлемді ай сайын жүргізіп тұру үшін отбасының кірісіне қараймыз. Яғни, күнкөріс минимумы мен отбасының несиесі бар ма, жоқ па - тексеріледі. Осының бәрі зерделенгеннен кейін жағдайы барын білсек - біз келісімшарт жасасамыз. Оның үстіне кепілгерлерді тарту мүмкіндіктерін де қарастырып отырғанымызды айттық. Демек, отбасының кірісі жетпей жатса, кепілгерлерді тартып, баспана ала алады», - деді ол.null

Оның айтуынша, мұғалімдер мен дәрігерлерге жалға берілетін пәтерлер жаңа болады.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Қазақстан ипотекалық компаниясы мен ҚР ДСМ, ҚР БҒМ арасында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен тұрғын үйлерді жалға беру туралы келісімдерге қол қойылды. Аталған келісімдер 3 мың мұғалім мен дәрігерді үймен қамтуды көздейді.

Соңғы жаңалықтар