Мұғалімдер мен дәрігерлердің жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер жасалады - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік саясат мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта, ең алдымен, не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау. Барлық тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету... Міне осы мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар», - деді Президент.

Мемлекет басшысы мұғалімдер мен дәрігерлерге қолдау жасалатынын атап өтті.

«Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті мүмкіндіктер жасаймыз», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар