ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Мұғалімдер 5 күндік жұмыс аптасына көшті - бұйрық

2022 жылғы 3 қазан, 11:50
Мұғалімдер 5 күндік жұмыс аптасына көшті - бұйрық

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту министрі педагогтерді бескүндік жұмыс режиміне көшіру туралы бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжаттың толық атауы – «ҚР Оқу-ағарту министрінің Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 410 бұйрығы.

Құжат бойынша үш ауысымдық оқыту режимінде жұмыс істейтін және орын тапшылығы бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту орындарында, орта білім беру ұйымдарында бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Яғни, демалыс күндері сенбі мен жексенбі болмақ. Ал үш ауысымдық жүйемен оқытатын және орын тапшылығы бар орта білім беру ұйымдарында аптасына алты күн жұмыс істейтін педагогтер үшін демалыс күні жексенбі болады.

Бұйрықта қосымша білім беру бағдарламалары бойынша шарттық негізде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерінің жұмыс уақыты мен демалыс режимі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленетіні айтылған.

Құжат 1 қазаннан бастап күшіне енді.

Еске салсақ, бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармалары мен республикалық ұйымдардың басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізген еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar