+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек – Ерлан Саиров

2019 жылғы 16 қазан 16:02
Бөлісіңіз:
Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек – Ерлан Саиров

КӨКПЕКТІ. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен Президент Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы мен Еуразия интеграция институты бірлесіп ұйымдастырған жиын Көкпекті ауданы әкімдігінің конференц-залында өтті.

Айтып өткеніміздей, шараға Қазақстан республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров қатысты.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап көрсеткен негізгі басымдықтар туралы кеңінен әңгімелеген Ерлан Саиров еліміздегі шекаралық аудандарды дамыту, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту, жастарға сапалы білім беру сияқты мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар саясаттанушы Ұлттық сенім кеңесі тарапынан нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеруді басым бағыттың бірі ретінде атап өтті. Заман өзгеріп жатыр, соған сәйкес біздің дүниетанымымыз да өзгере бастады. Осындай кезеңде ең жауапты әрі маңызды міндет мұғалімге жүктеледі. Өйткені ұстаздар қауымы болашақ ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырып, біліммен сусындатады. Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек», – деп атап өтті Ерлан Саиров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есентай Айтұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT