Муайтайдан Астана қаласы әкімінің кубогы үшін халықаралық турнир өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына орай 2018 жылғы 15 маусымда Астана қаласында, муайтайдан кәсіпқойлар арасындағы «Астана қаласы әкімінің кубогы» үшін халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Муайта федерациясына сілтеме жасай отырып.

Турнир 71 килограмға дейінгі салмақта «сегіздік» форматында өткізіледі. Онда Тайланд, АҚШ, Бразилия, Швеция, Польша, Иран және Қазақстан елдерінің сегіз кәсіпқой спортшысы бір кеште Астана қаласы әкімінің кубогы үшін бәсекеге түседі.

Кештің негізгі ұрысында, Дүниежүзілік муайтай кеңесінің (WMC) нұсқасы бойынша 51 килограмдық салмақта кәсіпқойлар арасындағы Азия чемпионы белбеуі үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Саясатов пен Тайланд Корольдігінің чемпионы Конгкамрай Жирапонг кездеседі.

Турнирдің ұйымдастырушылары: ҚР Муайтай федерациясы және Астана қаласының әкімдігі. Өтетін орны Сауран көшесі 44, ЕХРО-2017 аумағындағы «Конгресс-орталық». Жарыстың басталуы сағат 18-00-ге жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар