MTV USA арнасында Димаш Құдайбергенмен сұхбат көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 04.00-де (11 желтоқсан, Нью-Йорк уақытымен 17:00) MTV USA арнасының «MTV FRIDAY LIVESTREAM» бағдарламасында Димаш Құдайбергенмен сұхбаттың бірінші бөлімі шығады. ҚазАқпарат бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан айының ортасында «MTV FRIDAY LIVESTREAM» бағдарламасының жүргізушісі Кеван Кенни Димашпен сұхбат болатынын алдын ала хабарлаған болатын. Интервью 24 қарашада өтті. Қазақстандық әнші өзінің қазіргі жобалары, көптен күткен алғашқы онлайн-концерті және өзге де тақырыптар төңірегінде әңгімелеген.

Еске салсақ, биылғы 2 қазанда MTV-дің YouTube-тегі ресми арнасында Димаштың «Qairan Elim» композициясының премьерасы болды.

Премьера өткен күннен бастап, «MTV FRIDAY LIVESTREAM» бағдарламасында әр жұма сайын кештің ең танымал орындаушылары үшін дауыс беріліп келеді. Әлемнің әр түпкіріндегі жанкүйерлердің белсенділігі арқасында Д.Құдайберген сегіз апта бойы алғашқы бестіктен көрініп отыр.


Соңғы жаңалықтар