MSQRD бетпердесі Инстаграмда ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұртқа танымал MSQRD қосымшасының сегіз бетпердесі Инстаграм әлеуметтік желісінде іске қосылды. Бұл туралы The Verge хабарлады.

Осы мәліметті Фейсбуктегі парақшасында MSQRD жобасын құрушылардың бірі Евгений Невгень де растады.
Пайдаланушы суреттеріндегі адам беттеріне бетперде орналастыратын фильтрлердің ішінде қоянның құлағы, тәждің бірнеше нұсқасы және басқа да қосымшалар бар.

Беларусь мамандарының жасаған MSQRD жобасы 2015 жылдың соңында пайда болды. Үш айдан соң оны ірі әлеуметтік желі Фейсбук сатып алды. Алайда мәміленің жалпы сомасы әзірге шейін жария етілмеді.

Соңғы жаңалықтар