+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

МСҚ: Қарағанды облысында туберкулезден емдеуге 720 млн теңгеге жуық қаражат бағытталды

2021 жылғы 10 мамыр 19:08
Бөлісіңіз:
МСҚ: Қарағанды облысында туберкулезден емдеуге 720 млн теңгеге жуық қаражат бағытталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Өңірде туберкулез диагнозымен 738 адам тіркеліп, ем алуда. Осы жылдың бірінші тоқсанында туберкулезбен ауыратын науқастарды анықтау, диспансерлік бақылау және емдеу бойынша іс-шаралары үшін Медициналық сақтандыру қоры туберкулезге қарсы қызметке 719,7 млн теңге төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының Сарышаған кентінен 300 тоннаға жуық қоқыс шығарылды Қарағанды - Балқаш жолының жаңа жабыны бойымен қозғалыс жыл соңында ашылмақ Қарағанды облысында өңірді дамытудың бес жылдық қорытындысы шығарылды

Сонымен қатар бұл қаражат ересектер мен балаларды аурудан кейін медициналық оңалтуға және жасырын туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуге жұмсалды.

Туберкулез әлеуметтік маңызы бар аурулар санына жатады. Оның диагностикасы, алдын алу, емдеу, сондай-ақ есепте тұрған пациенттерді оңалту тегін

медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Яғни, бұл қызметтер туберкулезге күдікті және расталған диагнозы бар пациенттерге медициналық

сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан тегін көрсетіледі.

«Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек және дәрі –дәрмекпен қамтамасыз етуге кепілдік беріледі, аурудың жұқпалы түрінде-міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет. Дер кезінде анықталған және емделген жағдайда сырқатты толық емдеуге болады, сондықтан ауруды үдетпей, профилактикалық тексерулерден уақтылы өту, емдеуші дәрігердің нұсқамаларын қатаң сақтау және

өз денсаулығын сақтау маңызды», – деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT