Мойынқұмда 3,5 жыл бұрын жылқы ұрлаған күдікті ұсталды

None
None
МОЙЫНҚҰМ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында полицейлер осыдан 3,5 жыл бұрын орын алған жылқы ұрлығына қатысты күдіктіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсан айында Мойынқұм ауданы Мирный кентінен жақын жерде жайылған жылқысының ұрланғаны туралы шағымданған. Алайда, жедел-іздестіру шаралары ол кезде нәтижесін бермеген.

«Полицейлер осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырып, қылмыстың міндетті түрде ашылатынына сенді. Өйткені, кінәлі адам жазалануы керек. Ақырында тынымсыз жұмыс өз жемісін берді. Үш жарым жыл өткеннен кейін ҚКП қызметкерлері бұрын мал ұрлығы үшін сотты болған Мойынқұм ауданының тұрғынының аталмыш қылмысқа қатысы бар екенін анықтады», -дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ағымдағы жылдың 30 маусымында күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар