Моторлы қайық аударылып, 28 адам із-түссіз жоғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда Брахмапутра өзенімен жүзіп келе жатқан моторлы қайық елді Үндістанның шығысындағы Ассам штатында төңкерілгеннен кейін 28 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Shillong Times газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, оқиғаға қайықта адамдардың шамадан тыс көп болғаны себеп болуы мүмкін. 22 орындық қайық 40 адамды жеткізбекші болған.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, 12 жолаушы қатты ағынға қарамастан, өз беттерімен жағаға шыққан. Екі адам суға кетті.

Қалған жолаушылар жайлы ақпарат жоқ. Билік өкілдері із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар