Мотоциклші сиырмен соқтығысып, мерт болды -Қостанай

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер көлік жүргізушілерді «Мал айдау» жол белгісіне назар аударуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Сарыкөл ауданында болған. Алматы-Екатеринбург тасжолының бойында 35 жастағы мотоцикл жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан сиырлармен соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан «Сузуки» мотоциклінің жүргізушісі дене жарақаттарын алды. Ол аудандық аурухананың хирургия бөлімінде көз жұмды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы, 3-тармағы(«Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, жәбірленуші сиырларды «Мал айдау» жол белгісі орнатылған тұста соққан. Қостанайлық полицейлер көлік жүргізушілерді аталмыш жол белгісіне назар аударуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар