Мотоциклден құлаған қостанайлық бойжеткен ауруханада көз жұмды

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қаласында 18 жасар бойжеткен мотоциклден құлап, қалалық ауруханада жан тәсілім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Рудный қаласында болған. Мотоцикл тізгіндеген 31 жастағы қала тұрғыны жол шұңқырына түсіп кеткен.

«Жол үстіндегі шұңқыр шарбақпен қоршалған және «Айналып өту» белгісі орнатылды. Бұл аумақта жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Жол-көлік оқиғасы кезінде мотоциклде болған 18 жасар жолаушы ауыр дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды. Мотоцикл жүргізушісі қалалық аурухананың жарақаттану бөлімінде жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты.

Соңғы жаңалықтар