Мотоцикл мінген бала апатқа ұшырады - Павлодар облысы

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақтоғай ауданында түн ішінде мотоциклмен шыққан бала апатқа ұшырап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мотоцикл арнайы айып тұрағына қойылды.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 10 маусым күні сағат 22.43-те Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылы маңында жылдамдықты шектен тыс асырған «LTM 175» мотоциклінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, аударылып кеткен.
- Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері тексеру барысында Әуелбек ауылы ЖОМ 7-сынып оқушысы, 12 жастағы кәмелетке толмаған баланың кеш уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз шыққанын анықтады. Бұған қоса, ешқандай құқықтары мен жүргізу дағдылары да болмаған, - деді полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жүргізілген тексерістен басқа, кәмелетке толмаған баланың ата-анасының мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Соңғы жаңалықтар