Мотоцикл айдаған оқушы кішкентай қызды қағып кетті

None
None
ҚОБДА АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Қобда ауданында «Racer 110N» мотоциклін айдаған жасөспірім 1 сынып оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға кешкілік уақытта болған. 9 сынып оқушысы аудандағы Әбілқайыр хан көшесімен келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан 1 сыныпта оқитын қызды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан соң бастауыш сынып оқушысын Қобда аудандық орталық ауруханаға жеткізді», - деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Соңғы жаңалықтар