Морган Фриман қазақша сөйледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Disney студиясы шығарған «Шақылдақ және төрт патшалық» анимациялық фильмі қазақ тіліне аударылып, дубляждалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Болашақ» корпоративтік қорына сілтеме жасап.

8 желтоқсан күні кинотеатр экрандарына Disney студиясының жаңа жауһары - «Шақылдақ және төрт патшалық» шығады.

«Бұл қазақ тіліне дубляждалған 27-ші фильм болды. Фильмнің басты ерекшелігі - осыдан екі жүз жыл бұрын жазылған классикалық ертегі балалардың да, ересектердің де көңілінен бірдей шығатындай етіп жаңаша түрде ұсынылуында. Ал П. Чайковскийдің «Шақылдақ» балетінен алынған музыка фильмнің жарқын көріністерін - кейіпкерлердің бейнесін, арнайы эффектілерді және декорацияларды таңқаларлықтай толықтырады» делінген жобаны ұйымдастырушы қор таратқан хабарламада.  

Фильмнің тұсаукесері Морган Фриман, Хелен Миррен, Кира Найтли секілді Голливуд майталмандары, сондай-ақ жұлдызы жақында атқан Маккензи Фой алғаш рет қазақ тілінде сөйлей бастайтынымен де қызықты» делінген хабарламада.

Дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаевтың айтуынша, қазақша аударылатын туынды ретінде дәл осы фильмнің таңдап алынуы бекер емес.

«Шақылдақ және төрт патшалық» - қазақ тіліне аударылуға тиіс шығарма. Желтоқсан тұсаукесерлерінің ұзын санынан дубляжға дәл осы фильм таңдалды, өйткені, бұл - қазақстандық кішкентай көрермендерге арналған ең үздік жаңажылдық сыйлық», - дейді ол.


Бұл үшін Disney студиясы фильммен жұмыс істеудің әр кезеңін өзі бақылады: дыбыстауға отандық әртістер таңдалды, бас кейіпкерлердің есімдері қазақ тіліне аударылды.

«Алайда «Шақылдақ және төрт патшалық» фильмінің қызметі тек көңіл көтеруде ғана емес, оның әлеуметтік қызметі де бар. Ол қазақ тіліндегі сапалы контентті дамыту, және де балалардың ана тілін меңгеру жөніндегі жобаның бір бөлігі» делінген хабарламада.

 

 

Соңғы жаңалықтар