+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Мореналық көлдерден Алматыға келер қауіп жоқ

2020 жылғы 30 мамыр 11:29
Бөлісіңіз:
Мореналық көлдерден Алматыға келер қауіп жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауларындағы мұздық көлдерге әуеден шолу жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Алматы тауларындағы мореналдық көлдердің жағдайын жан-жақты бағалау мақсатында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мен Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы аэровизуалдық тексеру жүргізді.

Жалпы Алматы қаласының аумағында барлығы 45 морена көлі бар, оның ішінде 15 көл қауіпті болып саналады

Тексеру нәтижелері бойынша, мұздық мореналдық көлдер қысқы режимнен шығып жатыр. Көлдерге аз көлемде су толуда, су деңгейі ең төменгі мөлшерде.


«Үлкен Алматы өзені бассейніндегі №13 көлде сифон құбырлары арқылы су босатылады. Олар су деңгейі көтерілген кезде автоматты түрде іске қосылады. Ағымдағы жылы мореналық көлдерді босатудың алдын алу жұмыстары Қарғалы, Ақсай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде орналасқан жарылуға қауіпті 7 морена көліне жоспарланған. Оған республикалық бюжеттен 39 миллион теңге бөлінді. Жарылуға қауіпті болып саналатын мореналық көлдерге алдын алу жұмыстары 15 маусымнан басталады. Оларды іске асыру үшін жоғары қуаттылықтағы 9 сорғы, 10 тұрғын үй модулі, сифон құбырлары және басқа да қажетті техникалық ресурстар әзірленді»,– деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Департаментің мәліметінше, өткен жылы сел пайда болған Қарғалы өзені бассейніндегі №1 көлде су мөлшері төменгі деңгейде болғандықтан, қауіп тудырмайды. Биыл аталған бассейнге су ағатын арна салынады, оған 14 миллион теңге қарастырылған.


«Сонымен қатар, ағымдағы жылы Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендері бассейндерінде сел қауіптілігін бақылайтын автоматтандырылған жүйе құрылысының 2-ші кезеңі басталды. Былтыр бірінші кезеңде 10 станса салынды. Ал биыл тағы 21 стансаны іске қосу жоспарда»,– делінген ведомство ақпаратында.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі және Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен сел жағдайы мен морена-мұздық кешендері тұрақты қадағаланып отырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT