Мораторийдің заң бұзушылыққа жол бермейтінін дұрыс түсінген жөн - Б. Сұлтанов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасы жариялаған мораторий кәсіпкерлердің заң алдындағы жауапкершілігінің күшін жоймайды деп түсіну қажет. Бұл туралы «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының хатшысы Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Оның айтуынша, 2014 жылдың 27 ақпанында Елбасы «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Әрине, бұл шара экономика саласындағы мемлекеттің өзге де іс-қимылдары сияқты өз түсініктемесін қажет етеді. Осындай мораторий 2003, 2008 жылдары және 2009 жылдың ортасына дейін болған. Бұл мораторийлер оң рөл атқарып, бизнеске экономиканың қиын жағдайынан өтуге және ағымдағы мәселелерді шешуге мол мүмкіндік берді.

«2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру жөнінде Елбасы жариялаған мораторий кәсіпкерлердің заң алдындағы жауапкершілігінің күшін жоймайды деп түсіну қажет. Мораторийдің заң бұзушылыққа жол бермейтінін дұрыс түсінген жөн. Бизнестен бюджетке салық төлеу немесе тұтынушылар сұранысын өтеу, заңнама нормаларымен жұмыс істеу бойынша өз міндетін жауапкершілік алынып тасталынбайды. Бұл - кәсіпкерлер өз қызметін өзі бақылайды дегенді білдіреді. Дегенмен, егер кәсіпкер заңды талапты бұзса әрі ондай заң бұзушылық көп болса, олар арыздар және өзге де ақпараттық көздермен шақырылады. Осының бәрі кәсіпкерге тексеріс жүргізудің себеп-салдарын тудырады. Мұнда барлығы бизнестің мемлекет пен қоғам алдындағы адалдығына, жауапкершілігіне байланысты болады", - дейді Б.Сұлтанов.

Еске сала кетсек, бұл Жарлықпен орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруді 2014 жылдың 2 сәуірінен 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтату тапсырылды. Ал келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерліктің субъектілерін жоспарлы тексеру күшін жояды.

Соңғы жаңалықтар