Мораторийді бұзған 25 қызметкер жауапкершілікке тартылды - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 1 226 тексеріс тағайындау актісін тіркеуден бас тартылды, оның ішінде 578-і жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің биылғы 11 айындағы мәліметінде айтылған.

313 заңсыз жүргізілген тексеріс анықталса, оның 162-і жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты. Тіркеуден бас тартудың басым бөлігі мемлекеттік тұтынушылардың құқығын қорғау органына (санитарлық-эпидемиологиялық стансасына) -293, өрт сөндіру қызметіне - 233, салық органына 154-і қатысты болып отыр.

Айта кетейік, 2014 жылдың 11 айында 86 841 тексеру тағайындау актісі тіркеген.

Мораторий жүргізілгеннен бастап, Комитеттің аумақтық органдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 3866 тексерісті тіркеді, олардың 3500-і кәсіпкерлердің өздерінің өтініштері және 232-і қаржы ұйымдарының бастамашылығымен болған. Бас прокуратураның келісімі бойынша 65 тексеріс тағайындалды.

Мораторийдің әрекет ету кезеңінде тіркеу сатысында мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз тексеріс тағайындаудың 32 дерегінің жолы кесілді. Соның ішінде ауыл шаруашылығы органдары - 8, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі органдар - 5, төтенше жағдайлар жөніндегі органдар - 3, қоршаған ортаны қорғау - 2, көліктік бақылау - 2, жер ресурстары - 2, метрология - 2, сондай-ақ 8-і басқаларына қатысты.

«Барлық фактілер бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданып, бақылау және қадағалау органдарының 742 қызметкері, оның ішінде 25 қызметкер мораторийді бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,-деп атап өтілген комитет мәліметінде.

Еске салсақ, биылғы жылдың басында кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторий алдағы жаңа жылдан бастап күшін жояды.

Соңғы жаңалықтар