Мопедтер мен самокат тепкен 68 адам жарақат алды - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр мопедтер мен самокат тепкен 68 адам жарақат алған. ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов орталық коммуникациялар қызметінде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мопед, мотоцикл, самокат сияқты мобильді қозғалыс құралдарын тізгіндегендердің кесірінен қанша жол-көлік оқиғасы болды? Соның алдын алуүшін не істеп жатырсыздар?», - деп сұрады БАҚ өкілі Атығай Арыстановтан.

«Биылғы үш айда мопедтер мен самокаттардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. Былтыр 68 оқиға тіркелген еді. Өкінішке қарай, 1 адам көз жұмып, 68 адам жарақат алған. Бұл мәселе өте өзекті. Былтыр да, биыл да күн тәртібінде қаралған болатын. Самокаттар, мопедтер мен мотоциклдер жол ережесін жиі бұзады», - дейді Атығай Арыстанов.

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды балаларына осы типтегі көлік сатып алар кезде ойлануға шақырды.

«Мен ата-аналар мен ересектердің назарын осы мәселеге аударғым келеді. Балаларымызға самокаттар, мопедтер мен мотоциклдер сатып алып береміз. Бұл тәуекел екенін түсінуіміз керек. Өйткені бұл ойыншық емес, қозғалыс құралы. Жуықта жаз басталады. Сондықтан бұлмәселеге ерекше назар аудартқым келеді. Мотоцикл немесе мопедаулдыңқаншалықты қажет екенін ойланып көріңіздер. Не артқы айнасы, не бұрылыс шамы жоқ. Сондықтан тәуекел жоғары», - деді комитет басшысы.

Брифинг барысында Атығай Арыстанов жыл басынан бері 2600 жол-көлік оқиғасы болып, 410 адам көз жұмғанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар