Монша мен сауналар қандай талаппен жұмыс істей бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 тамыздан бастап елімізде монша мен сауналар жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Монша мен саунаның жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Бастапқы кезеңде монша мен сауналардың жұмысы бассейнсіз жүзеге асырылады. Нысанның іші 50% бос болуы керек және әр келушіге кем дегенде 4 шаршы метр аумақтан келуі тиіс», - деді ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

А.Есмағамбетова атап өткендей, коронавирустың таралу санын азайту бойынша қол жеткізілген динамиканы сақтап қалу қажет.

«Яғни, Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын сипаттайтын динамиканы сақтап қалу керек. Сондықтан, бірінші кезеңде қашықтан жұмыс істеу бойынша 80/20 қатынасы сақталады. Мүмкіндігінше, қашықтан жұмыс форматын сақтап, жұмысқа қызметкерлердің 20% ғана келгені дұрыс», - дейді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді.


Соңғы жаңалықтар