Монополиялық субъекті тарифтерін заңсыз бекіткен бұрынғы департамент басшысы ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірлік Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бұрынғы басшысына және басқа да тұлғаларға қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Аталған департаменттің табиғи монополиялар субъектісінің қызметтеріне тарифті төтенше реттеуші шара ретінде заңсыз бекіткені анықталды. Оны көтеру үшін нақты негіз болмаған. Екібастұз қаласының және өңірдің басқа коммерциялық кәсіпорындарына тарифті негізсіз көтеру нәтижесінде жалпы сомасы 150 миллион теңгеге жуық материалдық залал келтірілген», - деді агенттік тергеушісі.


Соңғы жаңалықтар