Монополияға қарсы орган хабарламасынан кейін ірі құрылыс компаниясы пәтер бағасын 9% арзандатты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкенттегі бірқатар тұрғын үй кешендеріне баға 2021 жылдың 17 тамызынан бастап төмендетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, BI Group Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй бағасын 4%-ға дейін төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төмендетілетін бағаның негізділігіне талдау жүргізе отырып мұндай мәлімдемемен келіспеді.

Нәтижесінде, монополияға қарсы органның хабарламасын орындау аясында BI Group 2021 жылдың 17 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үйдің бағасын орта есеппен 8% - ға (4 ТК - стандарт класс, 25 – комфорт, 19 - бизнес, 3 – премиум-класс), Алматыда 24 тұрғын үй кешенінде 11 %-ға (1 ТК – стандарт-класс, 12 - комфорт, 8 - бизнес, 3 – премиум-класс), Атырауда 2 тұрғын үй кешенінде 4%-ға (2 ТК - комфорт-класс) Шымкентте 1 тұрғын үй кешенінде 3% - ға (1 ТК - бизнес-класс) төмендетеді.

Барлық тұрғын үй кешендері бойынша бағаның төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды құрайды, төмендеу диапазоны – бір шаршы метріне 10 000-нан 125 000 теңгеге дейін. Мысалы, елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі ауданы 85 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтердің бұрынғы бағасы 34,3 млн теңге болса, баға төмендетілгеннен кейін 31,7 млн теңгеге түсті. Бағалары төмендетілген тұрғын үй кешендерінің тізімі қоса беріледі.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді, талдау жүргізу барысында бірқатар компанияның тұрғын үй бағаларын белгілеу және ұстап тұруға қатысты келісілген іс-қимыл белгілері анықталды. Олардың қатарында «BAZIS – A», «BI Group» холдингтері, «РАМС-Қазақстан» компаниясы бар. Қазіргі уақытта BAZIS-A және РАМС-Қазақстан Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасын төмендетті.

Маңызды: егер сізге BI Group кеңселерінде тізімде көрсетілген тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді төмендетілген бағалар бойынша сатудан бас тартылған жағдайда бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне [email protected] электрондық мекенжайы немесе 8 (7172) 65-16-86 телефоны бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.


Соңғы жаңалықтар