+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Монополияға қарсы айыппұлдар 1,7 млрд. теңгені құрады

2016 жылғы 4 қараша 11:54
Бөлісіңіз:
Монополияға қарсы айыппұлдар 1,7 млрд. теңгені құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,7 млрд. теңгеге айппұл салынды. Бұл туралы бүгін Астанада «Нарықтық билікті айқындау және картельдерді тергеп-тексеру әдістері» тақырыбындағы конференцияда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсақ заң бұзушылықтарға қатысты ескерту секілді шаралар енгізілгеніне тоқталған ол, «бұл өз кезегінде ұзақ заң бұзушылықтарға ескертумен шектеліп, монополияға қарсы органның негізгі күшін ірі тексерулерге бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге жыл сайын анықталған заң бұзушылақтар саны артып келеді. Статистикаға жасалған талдауға сүйенсек, 2013 жылы 171 тексеру, 2014 жылы - 185, 2015 жылы бұл көрсеткіш 232-ге жетті. Бүгінде аяқталған істердің саны 100 пайызды құрады. Жалпы 2015 жылы 1,7 млрд. теңге айппұл салынды, ал 2014 жылы 400 млн. теңгеден астам айыппұл жазылған еді, оның ішінде 90 пайызы ірі бизнес субъектілеріне тиесілі»,-Жұманғарин.

Осы орайда Комитет төрағасы бәсекелестік органының басты мақсаты - тауарлық нарықтар мен экономикалық кеңістіктің тұтастығын, тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге, сонымен қатар әкімшілік кедергілерден босатуға негізделгенін еске салып өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT