Монополистердің қарызы 6 млрд теңгеден асты - Қанат Бозымбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Монополистер газ бен көмір үшін ақшаны уақытында төлемей келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде энергия өндіруші компаниялардың «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ алдындағы қарызы 6,2 млрд теңгені құрап отыр. Қыркүйек айымен салыстырғанда, қарыздың көлемі екі есеге өсті. Сосын монополистер «Богатырь Көмір» ЖШС-на 700 млн теңге қарыздар болып қалды», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, қарыздың басым бөлігі - 3,8 млрд теңге «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на тиесілі. Аталған кәсіпорын газдың ақшасын төлемей отыр. «Алматыжылукоммунэнерго» АҚ да «ҚазТрансГазға» бір млрд-тан астам ақшаны бермеген. Бұдан бөлек, Ақтөбе ЖЭС - 476 млн, Жайықжылуэнерго - 630 млн, Тараз энергорталық - 178 млн теңге борышы бар және тағы басқа кәсіпорындар көмірге төлемегені үшін қарызға белшесінен батқан.


null  

Соңғы жаңалықтар