Монополистер тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшуге кедергі келтіріп отыр – МИБ төрағасы
2022 жылғы 29 маусым 13:38

Монополистер тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшуге кедергі келтіріп отыр – МИБ төрағасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұрғын үй құрылысындағы монополистер жаңа салынған көппәтерлі үйлердің басқарудың жаңа формасына көшуіне кедергі келтіріп отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Еркебұлан Мыңжасаров осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі тұрғындар тарапынан болатын кедергілер көп емес. Бұл жерде Президент айтқандай, салаға монополиясыздандыру шаралары қажет. Мүлік иелерінің бірлестігін құру кезінде моноплистердің жағынан көптеген кедергілерді байқадық. Мысалы, тұрғын үй салушы компаниялар пәтерлерді жеке меншікке сатқаннан кейін де басқаруды өз қолына алады. Құрылыс компаниясының кепіл мерзімі бар. Сол мерзім өткенше өзіне бағынышты басқарушы компания арқылы тұрғын үйді басқарып, пәтер иелерінің нысанның қандай сапада салынғаны, инженерлік инфрақұрылымы қандай деңгейде тартылғанын көруге мүмкіндік бермейді», - деді ол.

Айтуынша, елде құрылып жатқан мүлік иелері бірлестігі төрағаларының ең бірінші кездесетін басты проблемасы қазір осы болып отыр.

«Салдарынан жаңа салынған үйлердің тұрғындарының мүлік иелері бірлестігін құруға мұршасы болмайды. Олар үйдің негізгі техникалық құжаттарын алудан босай алмай жатады», - деді МИБ төрағасы.

Айта кетейік, Мәжіліс энергия үнемдеу туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдаған болатын. Соның аясында пәтер иелері кооперативтері тағы бір жыл жұмыс істейтін болған еді.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT