Монополист-кәсіпорындар инвестициялық келісімдердің атқарылуы туралы есеп береді - Павлодар

None
None
ПАВЛОДАР. 9 маусым. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін, 9 маусымда Павлодарда монополист-кәсіпорындар инвестициялық келісімдердің атқарылуы туралы есеп береді,

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Табиғи монполияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов қатысады.

«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергетикалық кәсіпорындардың арасында 2010 жылғы инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған. Павлодарлық кәсіпорындардың басшылары шектелген тарифтерді енгізудің арқасында энергетиктер жүзеге асырып жатқан қайта жаңарту жұмыстарының барысы туралы есептер береді. Кеңесте сондай-ақ тарифтік саясат арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңғырту және «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша су желілерін қайта жаңарту мәселелері талқыланбақ.

Соңғы жаңалықтар